Спорт • 04 Наурыз, 2022

Финалға жолдама алды

375 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл күндері Қатар астанасы – Дохада спорттық гимнастикадан Әлем кубогы кезеңі өтіп жатыр. Алғашқы іріктеу кезеңінің нәтижесі бойынша екі қазақстандық спортшы жарыстың финалына жолдама алды.

Финалға жолдама алды

Ұлттық Олимпиада комитетінің мәлі­меті бойынша Дохадағы жарыста гимнастикалық ат снарядында іріктеу кезеңіне қатысқан жерлесіміз Нариман Құрбанов 14.566 ұпай олжалап, финалда бақ сынайтын спортшылардың қатарынан көрінді. Сонымен қатар еркін жаттығу бәсекесінде өнер көрсеткен Милад Карими да бас жүлдеге таласып көреді. Ол іріктеу жарысында 13.900 ұпай жинап, жетінші нәтиже көрсетті. Дохадағы Әлем кубогы кезеңі 7 наурызға дейін жалғасады.

Айта кетейік, қазақстандық гимнасшылар өткен аптада Германияның Кот­бус қаласында ұйымдастырылған Әлем кубогының финалында да бақ сынаған еді. Нариман Құрбанов гимнастикалық ат снарядында жетінші орынға табан тіресе, Милад Карими еркін жаттығуда – бесінші, кермеде – сегізінші, қол тіреп секіруде төртінші орын алған болатын.