Спорт • 04 Наурыз, 2022

Паралимпиадаға қатыспайды

246 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық Паралимпиада коми­тетінің (ХПК) шешімі бойынша бүгін Бейжіңде (Қытай) жалауы желбірейтін 2022 жылғы Паралимпия ойындарына Ресей мен Беларусьтің параспортшылары қатыспайтын болды.

Паралимпиадаға қатыспайды

ХПК баспасөз қызметі таратқан ақпаратта жарысқа қатысушы көптеген елдің ұлттық коми­теттері, командалары мен спортшы­лары Ресей мен Беларусь құрамасымен жарысудан бас тартқан делінген. Сонымен қатар олимпиадалық қалашықта да атмосфера бұзылған. Осы жайттың барлығын назарға алған ХПК Ресей мен Беларусь спортшыларын жарыстан шеттетуді жөн санаған.

Бейжіңдегі Паралимпиада 4 және 13 нау­рыз аралығында өтеді.