Қоғам • 04 Наурыз, 2022

Президент жанындағы жастар саясаты кеңестің жаңа құрамы бекітілді

624 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңестің жаңа құрамы бекітілді. Бұл жайында ҚР Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент жанындағы жастар саясаты кеңестің жаңа құрамы бекітілді

«Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің жаңа құрамы бекітілді. Оның құрамына қоғам белсенділері, жас ғалымдар мен кәсіпкерлер, ауыл, өңір және шығармашыл жастардың өкілдері, «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының иегерлері, Президенттік кадр резервінің мүшелері, жастар ұйымдарының көшбасшылары кірді. Бұл жастардың барлығы өз саласының майталман мамандары. Өскелең ұрпақтың өзекті мәселелерін жақсы біледі. Әртүрлі жас буынның арасында зор бедел мен сенімге ие», деп атап өтеді Мемлекеттік хатшы.а

Оның атап өтуінше, жаңа құрам жастар саясатын жетілдіруге байланысты тұжырымдамалық құжаттармен ұсыныстарды әзірлеуге атсалысады.

«Жақында кеңестің мүшелерімен ZOOM арқылы кездесіп, алдағы жоспарларымыз бен жұмыс тәртібін ақылдастық. Ел дамуының жаңа кезеңінде Кеңес жастардың күн тәртібінде тұрған мәселелерін шешудің нақты алаңына айналады деп үміттенемін», деп атап өтеді Ерлан Қарин.