Спорт • 04 Наурыз, 2022

Үш қазақстандық спортшы үстел теннисінен турнирге қатысады

236 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Катарда 7-8 наурыз аралығында үстел теннисінен «WTT Youth Star Contender» жасөспірімдер жарысы өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz ҰОК-не сілтеме жасап.

Үш қазақстандық спортшы үстел теннисінен турнирге қатысады

Халықаралық додаға Австралия, Бельгия, Болгария, Египет, Үндістан, Иран, Йемен, Қазақстан, Катар, Қытай, Таиланд, Тайбэй, Тунис, Латвия, Ливан, Польша, Словакия, Хорватия, Чехия, Франция спортшылары қатысады. Біздің еліміздің намысын Сарвиноз Миркадирова, Әнел Бахыт және Алан Құрманғалиев қорғайды. 

Спортшыларымыз осы күндері Дохада «ITTF High Performance Boys Training Camp» атты оқу-жаттығу жиынында шеберліктерін шыңдауда.