Қазақстан • 05 Наурыз, 2022

Ұлыбритания Қазақстанға санкция салмайтынын мәлімдеді

445 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлыбритания Қазақстанға қарсы санкция салуды көздемейтінін мәлімдеді. Бұл туралы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлыбритания Қазақстанға санкция салмайтынын мәлімдеді

СІМ мәліметінше, Қазақстан сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Ұлыбританияның Орталық және Оңтүстік Азия, Солтүстік Африка істері жөніндегі Мемлекеттік министрі Лорд Тарик Ахмадпен бейне-кездесу өткізген, сондай-ақ Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісі Кэти Личті қабылдаған.

Тараптар дипломатиялық қарым-қатынастардың 30 жылы ішінде қол жеткізілген өзара сенім мен кең ауқымды өзара тиімді ынтымақтастықтың жоғары деңгейін атап өтті. Сондай-ақ олар Украинадағы жағдайды және соғыс қимылдарын тоқтату және тараптарды бейбіт жолмен шешуге қайтару бойынша халықаралық деңгейде қабылданған қадамдарды талқылады.

«Британдық тарап Ресейдің Украинадағы әскери операциясына байланысты Қазақстанға қатысты қандай да бір санкция салуға ниетті емес екенін растады.

Кездесу қорытындысы бойынша талқыланған тақырыптардың барлық спектрі бойынша толық өзара түсіністік расталды және екіжақты қатынастарды одан әрі белсенді және жан-жақты дамытуға өзара дайындық білдірілді», делінген хабарламада.