Аймақтар • 05 Наурыз, 2022

Асхат Оралов зардап шеккен бизнес өкілдерімен кездесті

236 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

AMANAT партиясының атқарушы хатшысы Асхат Оралов Алматыға жұмыс сапарының екінші күні қаңтар оқиғасы кезінде зардап шеккен шағын және орта бизнес өкілдерімен кездесті. Сондай-ақ партияның жастар қанатының белсенділерімен алдағы жұмыс басымдықтарын талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Асхат Оралов зардап шеккен бизнес өкілдерімен кездесті

Кездесу барысында алматылық кәсіпкерлер Асхат Ораловқа нысандарды қалпына келтіру жағдайы және қазіргі таңда орын алып отырған түйінді мәселелер туралы айтты.

«Партия Төрағасы, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша нысандарды қалпына келтіру және зардап шеккен кәсіпкерлерге келтірілген залалды өтеу бойынша шаралар қабылдануда. Жергілікті биліктің мәліметі бойынша, Алматыда 1 мыңнан астам кәсіпкер 3,7 млрд теңге сомасында төлем алды. Олардың ішінде сауда, қоғамдық тамақтану, логистика, БАҚ және басқа да салалардың субъектілері бар. 10 наурызға дейін тағы 200-ден астам өтінішті қарау жоспарлануда, осылайша өтініштердің 90% қанағаттандырылады», деді Асхат Оралов кездесу қорытындысында.

Оның айтуынша, қазіргі таңда елімізде халықтың 40% жуығына жұмыс беріп отырған 1,4 миллионнан астам кәсіпкер бар. Алматы қаласының өзінде 200 мыңнан астам ШОБ субъектісі жұмыс істейді. Сондықтан кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау мәселелері әрқашан AMANAT партиясының басымдығы болып қала береді.