Қоғам • 06 Наурыз, 2022

Салаға серпінді өзгеріс керек

178 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев электр энергетикасы саласын дамыту мәселелері жөнінде өткен кеңесте елдің дамуы энергетика саласының тұрақтылығына тікелей байланысты екенін атап өткені мәлім. Сонда Президент генерациялайтын стансалардың тозуы 50 пайыздан асып кеткенін атап көрсетті.

 

Салаға серпінді  өзгеріс керек

Электр энергиясына арнал­ған тарифтер бірнеше рет көтеріл­ге­німен, бұл әрекет саланың жағ­дайын жақ­сар­та алмай тұр. Бүгінде материалдық-техникалық база ша­­м­амен 80 пайызға тозған. Бұл көр­­сеткіш жылдан жылға көбейіп келеді.

Ақмола және Солтүстік Қазақ­стан облыстарының бірқатар ауда­нын орын алуы мүмкін тех­но­логиялық өшірулерді жою үшін электр желілік «Көкшетау Энерго» компаниясы жөндеу жә­не апатты жөндеу бригадалар­ды қажетті мате­риалдармен және құралдармен қамтамасыз ете біл­ді. Сондай-ақ жедел кезекші-дис­петчерлік қызметтер мен жөн­деу бригадаларының құрамы 120-дан аса апат және өртке қарсы жаттығулар өткізді. Өткен жылы тұтынушыларға берілген электр энергиясының көлемі 1 млрд 400 млн кВт*сағ шамасында болды. Бұл көрсеткішті 2020 жыл­дың сәйкес мерзімімен салыстырсақ, өсім көлемі 12,3 пайызды құрай­ды. Есептік техникалық шығындар рұқсат етілген дәлізде болды. Бұл компанияда коммерциялық шы­ғындар жоқ деген ұғымды біл­ді­реді.

Жұмыс істеп тұрған электр құ­рыл­ғыларының қабілеттілігін арттыру мақсатында, сондай-ақ 2021-2022 жылдардың күзгі және қысқы маусымына дайындыққа орай «Көкшетау Энерго» серік­тестігінің бөлімшелері кешенді жөн­деу жұмыстарын жү­йе­лі түр­де жүргізді. Айталық, өткен жы­лы компанияның маманда­ры 35 кВ және одан жоғары кер­­неулі 62 подстансаға, 3,3 мың шақырым әуе, 29 шақырым ка­бель­дік желілеріне, 700 данаға тең 10/0,4 кВ трансформаторлы под­стансаларға техникалық қыз­мет көрсетті. Бұл көлем – өт­кен жыл­дардағы көрсеткішпен салыс­тырғанда, 52,8 пайызға жо­ғары. Статистикалық мәліметке қара­сақ, 10/0,4 кВ қуатты электр желі­лерінің бойындағы апатты жағ­дайлардың көпшілігі дәл осындай желілердің бойында орын алатыны белгілі. Өткен жылы 50 шақырымдық электр желілері жаңартылды. Жаңғырту негізінен тұрғын үйдің кіреберісіне дейін тартылған кабельдерге қатысты. Мұндай жұмыс Көкшетау қаласы мен екі облыстың бірқатар ауданында ­қол­ға алынды. Энер­ге­тик­тер ескірген темір-бетонды ба­ғаналарды алмастыру жұмысын әлі де жүргізуде. Соңғы үш жыл ішінде 7 мыңға жуық осындай те­мір-бетонды тіректер жаңасымен алмас­тырылды.

Жаңғырту жұмыстары транс­фор­маторлық подстансаларға да қатысты. Мәселен, Көкшетау қаласындағы екі КТП алмасты­рыл­ды. Оның қызмет аясына №21 мектептің маңында орналасқан 400-ден аса абонент кіреді. Дәл осындай жұмыс Щучье, Та­йынша қалалары мен Краснояр, Сау­малкөл ауылдарында және Бестөбе кентінде де жүргізілді. Осы жылы осындай 9 трансформатор подстансасы орнатылды.

Компанияның ең негізгі энер­го нысандары 2021 жылға жос­парлан­ған инвестициялық бағдарламалар шеңберінде қам­тылды. 110/35/10 кВ «Тихо­океан­ская» подстанса­сы «Көк­­­шетау Энерго» серіктес­ті­­гі­мен, «Сол­түстік Қазақстан электр желілері ком­пания­сы» акцио­нерлік қоғамының 110 кВ желісімен жалғасады. Жаң­ғырту аясында бұрынғы майлы ажы­ратқыштар жаңа заманғы ва­куум­дық ажыратқыштармен алмастырылды. Осындай іс-қимылдың нәтижесінде, жаңа қалып жүзеге асырылды. Тайынша және Ақ­жар аудандарының электр желі­лерінде де осы сипаттағы жұмыс жүргізілді. Қазіргі уақытта қажетті құ­рылғылар алынып, дайындық-монтаж ісі қолға алынды. Осын­дай мақсатты жүргізілген іс-шара­лар арқылы компания өз тұтынушыларын сапалы және сенімді энергиямен жабдықтауда.

Түрлі қиындықтар мен ке­дер­гілерге қарамастан, компания заманауи жаңа техниканы белсенді пайдалануда, сол ар­­қылы техникалық қызметкерлер үшін қолайлы және жайлы еңбек жағ­да­йын тудырып отыр. Биыл компания МТЗ-82 базасында ұң­ғыма қазғыш, ас­фальт­талған жерлерде жылға қазуға ар­налған қондырғысы бар, жоғары вольт­ты сынақтарға арналған жылжымалы электр зертханасын, оған қажетті барлық техникалық қон­дырғыны, ГАЗ-33098 ВИПО базасында автогидрокөтергішті, жүк көтеру мүмкіндігі 25 тоннаға еркін жететін «КамАЗ» көлігі базасындағы автокранды, сондай-ақ «Фермер» «Патриот» УАЗ 4 ав­то­мобильді, 2 бұр­ғылау машинасын және JAC S7 авто­мобильдерін сатып алды. Жоғарыда атал­ған барлық іс-шаралар компания­ның инвестициялық бағдарламасының аясында жүзеге асы­рыл­ды. Ал жаңа тех-

никаны сатып алуға 200 млн теңгеден астам қаражат жұм­салды. Тек соңғы үш жылдың ішінде компанияның гараждары 30 бірліктен астам арнайы техникамен және жеңіл автокөліктер­мен толықтырылды. Бүгінгі таңда кәсіп­орын жұмысшыларының орташа еңбекақысы 133 964 теңге­ні құрайды. Мәселен, статистика­лық көрсеткіштің соңғы үш жылын алатын болсақ, компания қыз­­меткерлерінің жалақысы 2,5 есе­ден астам өскендігін байқау­ға бо­лады. Қарапайым электр мон­те­рінің жалақысы 2018 жылы 57 мың теңгені құраса, биыл бұл көрсеткіш 126 мың теңгені құ­рады.

Шалғайдағы ауылдық округ­тер­ді электр қуатымен жабдықтау мәсе­лесіне айрықша назар аударылуда. Бұл орайдағы негізгі мақсат – энергия шығынын азайту. Анығырақ айтсақ, 110 кВ-ға арналған қосалқы станса ұстау экономикалық жағынан тиімсіз. Осыған байланысты ұжым мамандары Солтүстік Қазақстан облысының аудан­дарында жо­ғарыда аталған типтегі стансаны оңтайландыру жұмыстарын әрі қарай жүргізбекші.

Енді бірауыз сөзді кадр мәсе­ле­сі тө­ңірегінде айта кетелік. Кадр жетіс­пеушілігі – энергети­ка секторының өткір мәселесі. Серіктестікте қыз­мет­керлердің әлеуметтік-тұрмыс­тық жағ­дайын жақсартуға көңіл бөлінуде. Бұған дейін жалақының төмен болуы кадрлардың тұрақ­тамауына әсер етіп келген болатын. Сонымен қатар дәстүрлі оқыту әдісімен университет­тер тек тео­риялық білімі бар жас маман­дарды оқытып шығарады. Уни­верситеттер ескірген технологиялармен оқытады. Ал өндірісте олардың бейімделуі бас­талады, өйткені маманға біліммен қатар тәжірибе мен іскерлік қажет. Өн­діріс неғұрлым күрделі болса, со­ғұрлым ұзақ бейімделу болмақ. Бұл факт халықаралық оқыту тәсілін қолдана отырып, мамандарды даярлау процесін қайта қарауды талап етеді. Бес, тіпті одан да көп уақыт ішінде білікті кадр даярлау мүмкін емес.

– Әлем өзгеруде. Демек біз де заманауи қызмет көрсетуге тиістіміз. Энер­гетиктерден саланы басқарудың заманауи тәсіл­дерін жүзеге асыру талап етілуде. Оған айтарлықтай қаражат қа­жет, – дейді серіктестік басшы­сы Досымхан Аралбаев, – 2019 жылы «Көкшетау Энерго» се­рік­тестігінде заманауи биллинг жү­йесі жобасы іске асырылуда. Бұл жүйе тұтынушылар тарапынан да оң бағасын алып отыр. Біз ескірген абоненттік және өнер­кәсіптік сектор бағдарламаларынан бас тартып отырмыз. Жаңа жүйе интернет және пайдаланушының тиісті рұқсаты болған кезде кез келген компьютер немесе смартфон арқылы жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Біздің қызметкерлеріміз де қашықтықтан жұмыс істей алады. Жұмыс сапасына нұқсан келмейді.

Салада қордаланып қалған мә­се­лелер де аз емес. Жасыратыны жоқ, соңғы жылдары электр энергетика саласын түбегейлі жаң­ғыр­ту туралы аз айтылып жүрген жоқ. Бұл орайда желілердің тозуы, техникалық мүмкіндігінің заман ағысына ілесе алмауы, ин­вес­тициялардың аздығы туралы мәселелер туындауда. Алдымен электр желілерінің тозуының бе­лең алуы туралы таратып айта кетелік. Мамандардың айтуына қарағанда, ағымдағы тарифтік сая­сат қолданыстағы желілерді қайта құру бойынша ауқымды жұмыс жүргізуге мүмкіндік бермейді екен. Жаңғырту көрмегендіктен желілерді дамыту жүзеге асырыл­май, керісінше, тозуы жиілеп барады. Бүгінгі таңда серіктестік 16 мың шақырымнан асатын әуе желілері арқы­лы қызмет етуде. 0,4-10 кВ кабель желілері 332 шақырымды құрайды. Оның үстіне 3 мыңға жуық қосалқы стан­са бар.

Кәсіпорын электр желілерін өз кү­шімен жөндеп, қанағаттанар­лық жағ­дайда ұстауға тырысқаны­мен, бұл орай­дағы шаруа айта қаларлықтай емес. Желілердің тозығы жеткен. Тіпті қы­рық жылдан астам жұмыс істеп тұр­ған желілердің бір бөлігі 80 пайызды құ­райды. Электр энергиясын беру тарифі­не енгізілген жаң­ғырту бағдарламасы бар­лық электр қондырғыларын жылына шамамен 0,5 пайыз жаңартуға ғана мүмкіндік береді. Соңғы бес жыл ішінде электр жабдықтарын жаңғыртуға инвес­тиция құйыл­ғанымен, жалпы көлемнің 4,2 пайызы ғана ауыстырылған. Қа­зір қаржыландыру тек жеке жаб­дықтың жұмысын сақтау үшін ғана жеткілікті. Мұн­дай жағдайда физикалық тозу ұл­ғайып, апат көбеймек. Демек электр энер­гиясымен жабдықтау сапасына се­нім азаяды.

Ауыл тұрғындарының үдере көшіп, қатары сиреп қалуы да өз әсерін ти­гізуде. Кейбір шағын ауылдардағы отба­сы саны елуге де жетпейді. Міне, осы­ның нә­тижесінде, электр энергия­сын тұтыну көлемі азаятындығы бел­гілі. Шағын ауыл­дарды электр қуа­тымен қам­тамасыз ететін 110 кВ, 35 кВ қосалқы стансалар босқа жұ­мыс істейді. Әрі шағын ауылдар шал­­ғай­да орналасқандықтан, желі­лер­дің ұзын­дығы да айта қалар­лықтай. Осы­лайша, тұтыну­шы­ларға электр энергиясын жет­кізу шығындары 100 есеге де­йін көбейетіні бар. Осындай олқы­лықтарға қарамастан серіктестік шалғайдағы ел­ді мекендерді электр энергиясымен қам­тамасыз ету­ді тұрақты жүзеге асыруда.