Қазақстан • 07 Наурыз, 2022

Алматыда кездесулер өткізді

130 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Amanat партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов Алматыға жұмыс сапарының екінші күні қаңтар айындағы оқиғалар кезінде зардап шеккен шағын және орта бизнес өкілдерімен кездесті және партияның жастар қанатының белсенділерімен алдағы жұмыс басымдықтарын талқылады.

Алматыда кездесулер өткізді

Кездесу барысында алматылық кәсіпкерлер Асхат Ораловқа нысандарды қалпына келтіру жағдайы және қазіргі таңда орын алып отырған түйінді мәселелер туралы айтты.

«Партия Төрағасы, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша нысандарды қалпына келтіру және зардап шеккен кәсіпкерлерге келтірілген залалды өтеу бойынша шаралар қабылдануда. Жергілікті биліктің мәліметі бойынша, Алматыда мың­нан астам кәсіпкер 3,7 млрд тең­ге сомасында төлем алды. Олар­дың ішінде сауда, қоғамдық тамақ­тану, логистика, БАҚ және басқа да салалардың субъектілері бар. 10 наурызға дейін тағы 200-ден ас­там өтінішті қарау жоспарлануда, осылайша өтініштердің 90%-ы қа­нағат­тандырылады», деді Асхат Оралов кездесу қоры­тын­дысында.

Оның айтуынша, қазіргі таң­да елімізде халықтың 40%-ға жуы­ғына жұмыс беріп отырған 1,4 млн-нан астам кәсіпкер бар. Алматы қаласының өзінде 200 мыңнан астам ШОБ субъектісі жұмыс істейді. Сондықтан кәсіп­кер­лікті дамыту мен қолдау мәселелері әрқашан Amanat партиясының басымдығы болып қала береді.

Осы күні Асхат Оралов партия жастар қанатының белсенділерімен де кездесті.

«Партияны трансформациялау жүріп жатқан кезеңде Jas Otan жергілікті жерлердегі жастардың проблемаларын шешуге бағытталған жұмысты бұрынғыдан да күшейтіп, оны күн тәртібінен түсірмеуге тиіс. Қазіргі уақытта партия жастардың, оның ішінде NEET санатындағы жас буынның түйінді мәселелерін анықтау бойынша кешенді талдау жүргізуде. Осы жұмыстың қорытындысы бойынша жаңа жас­тар бағдарламасы әзірленіп, Jas Otan форумында қабылданады», деп түйіндеді Асхат Оралов.