Спорт • 07 Наурыз, 2022

Әлем кубогында топ жарды

183 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Спорттық гимнастикадан Қатар аста­­насы Дохада мәресіне жеткен ке­зекті Әлем кубогы жарысында қазақ­­стандық гимнасшылар Нариман Құр­­банов пен Милад Карими жеңіс тұғырынан көрінді.

Әлем кубогында топ жарды

Гимнастикалық ат снарядында сынға түскен Нариман әлем үздіктерінің алдын орап, Әлем кубогында топ жарды. Финалдағы жаттығуын мүлтіксіз орындаған отандасымыз 15.200 ұпаймен алтын медаль жеңіп алды. Күміс медальді ирландиялық Рис МакКленаган иеленсе, қола жүлдені армениялық Арутюн Мердинян олжалады.

Ал қоссырық жаттығуында бақ сынаған Милад Карими маңызды жарыста екінші орынға табан тіреді. Финалда 14,566 ұпай жинап, кезең қорытындысы бойынша екінші орынға тұрақтады. Бас жүлдені украиналық Илья Ковтун еншілесе, қола медаль ресейлік Иван Кулякқа бұйырды.