Спорт • 07 Наурыз, 2022

Морозовтардың мерейі үстем

149 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл күндері Норвегияның Хамар қала­сында конькимен жүгіруден әлем чемпионаты өтіп жатыр. Спортшылар көпсайыс бойынша жүлделерді сарапқа салады.

Морозовтардың мерейі үстем

Жарыстың алғашқы күнінде мұзайдынға қазақстандық Дмитрий Морозов пен Надежда Морозова шықты. 500 метр қашық­тықта бақ сынаған Дмитрий 36,12 секунд нәтижемен іріктеуді бірінші болып аяқтады. Екінші орынды жапониялық Рику Цутия, үшінші орынды норвегиялық Олимпиада чемпионы Педер Конгшауг иеленді.

Дәл осы қашықтыққа жарысуда оның зайыбы Надежда Морозова да үздіктер қата­рынан көрінді. Ол 500 метрді 38,590 секундта жүріп өтті. Бірінші және екінші орынды жапониялық Михо Такаги мен Аяно Сато өзара бөлісті.