Бокс • 07 Наурыз, 2022

Альварес Головкинмен есеп айырысу үшін үшінші жекпе-жекті күтіп жүр

256 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Екінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы Сауль «Канело» Альварес орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкинмен жеке есеп айырысатынын мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Альварес Головкинмен  есеп айырысу үшін үшінші жекпе-жекті күтіп жүр

«Иә, ол менің жеке шаруам, себебі ол мен туралы көп жаман нәрсе айтты. Сондықтан әр сөзіне жауап береді», - деді «Канело» Головкин туралы Сан-Диегодағы бокс кешінде DAZN-ға берген тікелей эфирдегі сұхбатында.

Айта кетейік, жұртшылық Головкинмен үшінші айқас туралы әңгімеге шуылдасып кетті. Жекпе-жек өтуі үшін «Канело» 7 мамырда жартылай ауыр салмақтағы WBA чемпионы Дмитрий Биволды, Головкин 9 сәуірде орта салмақтағы WBA чемпионы Риота Муратуды жеңуі тиіс.

«Мен не себепті қазір өтейін деп жатқанын білмеймін, - деді Альварес үшінші айқас туралы. – Менің ойымша, бәрі жеткілікті болған сияқты. Бірақ, біз келісім жасадық, бұл - мен үшін ең тиімді келісім. Бізде үшінші айқас өткізуге мүмкіндік бар. Мен Биволмен айқасқа бар күшімді салып дайындалып жатырмын, қалғанын кейін көрерміз».