Ауа райы • 07 Наурыз, 2022

Мереке күндеріне арналған ауа-райы болжамы

516 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» синоптиктері 8-10 наурыз аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мереке күндеріне арналған ауа-райы болжамы

Алдағы күндері Қазақстан аумағының солтүстік жартысында жауын-шашынсыз ауа райы болады. Оған ауа температурасының төмендеуіне алып келетін кезекті антициклон әсер етеді. Түнде бұл аймақтарда термометр бағаны 15-25 аязға дейін төмендейді.

Елдің батыс және оңтүстік аймақтарында оңтүстік циклонның ықпалымен күндізгі ауа температурасы 10-20 жылуға дейін көтеріледі.