29 Наурыз, 2014

Маңғыстау облысында әйел зорлаған үш жігіт сотталды

401 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

0-aktau-nasilniki-1

Маңғыстау облысының орталығы – Ақтау қаласының соты Шетпе кентінің үш тұрғынын жүкті әйелді зорлағандары үшін соттады. Бұл туралы Lada.kz хабарлады. Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, бұдан бірнеше ай бұрын үлкені 26-дағы, кішісі 23-тегі үш жігіт Шетпе елді мекенінде тұратын, жүктілігіне бес ай болған, үш баланың анасы, 30 жастағы әйелді бірнеше сағат бойы кезектесіп зорлаған. Сол күні үш жігіт іштеріндегі бірінің әкесінің көлігін мініп жүріп, дүкеннің жанынан С. есімді келіншекті кездестіреді. Жігіттердің бірі онымен жақсы таныс екен. Болашақ құрбандықтарын олар машинаға зорлап мінгізіп, өздерімен бірге ала кетеді. Қаскөйлер келіншекті Шетпеден 5 шақырым қашықтықтағы Аусары деген әкеледі. Жолда әйел өзін жіберуді талап етіп, қарсылық көрсетіп бағады. Бірақ мұның орнына қорқаулар жетер жерлеріне жеткесін ойларына келгендерін істейді. Оларды тіпті араларындағы бірінің келіншекпен жақсы таныс екені де тоқтатпайды. Қайта қарсылық білдірсе, өзін өлтіріп, далаға көміп кететіндерін айтып, қорқытады. Анықталғандай, С.-ның қалқанша безі ауыруы төртінші кезеңге жеткен екен. Сондықтан ұдайы дәрі пайдаланатын болған. Келіншек зорлықшыларға мұны да айтқан. Бірақ олар бұған құлақ аспаған. Керісінше қорлықтарын одан әрі жалғастыра түскен. Олар сосын зорлықтарын басқа жерде жалғастырмақшы болған. Сөйтіп, тынығу базасындағы моншаны жалдайды. Осы жерде зорлауды қайта жалғастырады. Бұл жерде тағы екі сағаттан астам уақыт әбден қинайды. Бұған қоса, тыншымайтын болса, осы жердегі түрік жүргізушілерге беретіндерін айтып үрейін алады. Кешке қарай Шетпенің шетіне әкеліп, тастап кетеді. Егер болған жайды біреуге айтар болса, анасына залал келтіріп, өзін өлтіретіндерін білдіреді. Ал құр сүлдері қалған әйел бірден әпкесінің үйіне жетіп, болған жайды баяндап береді. Содан соң әйелдің туыстары құқық қорғау органдарына шағымданады. Полиция зорлықшыларды бірден іздеуге кірісті. Зардап шегуші әйелге таныс жігіт арқылы артынша бәрін қолға түсірді. «Сот процесінде сотталушылар көрсету беруден бас тартты. Алайда, жиналған талассыз айғақтар, соның ішінде куәлардың көрсетулері мен сараптама олардың осы қылмысты жасағандарына еш күмән келтірмеді. Анықталғандай, зорлықшылардың барлығы да үйленген, кішкентай балалары бар жігіттер болып шықты», - деді сот Гүлмаржан Әділсұлтани. Сот үкім шығарды. Ол бойынша зорлықшылардың екеуі – 7, көбірек белсенділік танытқан біреуі 8 жылға жалпы режимдегі колонияда отыруға жаза алды. Бұған қоса, сот моральдық және материалдық шығынды өтеу ретінде зәбір көрушіге 865 мың теңге айыппұл төлеуге міндеттеді. Қазір үкім күшіне енді. Құрыш Нұрымбет. Дереккөз: Lada.kz. Фото: Lada.kz.