Кәсіпқой бокс • 08 Наурыз, 2022

«Канелоға» қарсы өтетін кездесуді асыға күтіп жүрмін – Дмитрий Бивол

252 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

WBA тұжырымы бойынша жартылай ауыр салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы, ресейлік боксшы Дмитрий Бивол екінші орта салмақ дәрежесіндегі әлемнің абсолютті чемпионы, мексикалық Сауль «Канело» Альвареске қарсы өтетін шайқас туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Канелоға» қарсы өтетін кездесуді асыға күтіп жүрмін – Дмитрий Бивол

«Мен өзімнің күшіме бек сенімдімін. Шаршы алаңға шыққанда өзімнің жеңетініме күмәнданбаймын. Сондықтан да 7 мамырды асыға күтіп жүрмін. Командам да, өзім де осы жекпе-жекті асыға тосқан болатынбыз. АҚШ төрінде өтетіні үшін қуаныштымын. Бұл мені шабыттандырады. Әлемнің ең үздік боксшыларының біріне қарсы шаршы алаңға шығу маған үлкен жауапкершілік жүгін жүктейді. Сол себепті кәсіпқой бокс жанкүйерлері менің барлық шеберлігімді көргенін қалаймын. Бұл өте үлкен масштабтағы шайқас екені сөзсіз. Жеңіске жетсем, басқа мақсаттарға қол жеткізетін мүмкіндік туады. Осыны қаперден шығармаймын», дейді ресейлік боксшы.

Естеріңізге сала кетейік, екі боксшы 7 мамыр күні Лас-Вегастағы «T-Mobile Arena» кешенінде кездеседі. Сауль Альварес жартылай ауыр салмақ дәрежесіндегі WBA (super) белдігін жеңіп алуға тырысса, Дмитрий Бивол өзіне тиесілі әлем чемпионы атағын қорғап қалуға күш салатын болады.