Экономика • 09 Наурыз, 2022

Ұлттық банк теңге-доллар саудасының регламентін өзгертті

916 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Ұлттық банкі «Қазақстан қор биржасы» АҚ-мен бірлесіп, 9 наурызда «теңге – АҚШ доллары» валюта жұбы бойынша сауда-саттық регламентін өзгерту туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық банкке сілтеме жасап.

Ұлттық банк теңге-доллар саудасының регламентін өзгертті

Оған сәйкес, «теңге – АҚШ доллары» валюта жұбы бойынша сауда-саттық 9 наурыз күні Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 15:00-де ашылады және Франкфурт аукционы форматында жүргізіледі.

«Бұл шешім жоғары құбылмалылық аясында валюта нарығының тұрақсыздануына және сыртқы факторлар тарапынан қысым жасауға жол бермеу мақсатында қабылданды.

«Теңге – АҚШ доллары» валюта жұбы бойынша сауда-саттықтың бұдан былайғы режимі туралы ақпарат ресми байланыс жасау арналары арқылы уақтылы жеткізілетін болады», делінген ҰБ ақпаратында.