Әлем • 09 Наурыз, 2022

АҚШ ресейлік мұнай мен газ импортына тыйым салмақ

301 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ Ресейден шығатын барлық энергия импортына тыйым салады. Бұл туралы сейсенбі күні Ақ үйде Украина төңірегіндегі жағдай бойынша сөйлеген сөзінде АҚШ президенті Джо Байден мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.

АҚШ ресейлік мұнай мен газ импортына тыйым салмақ

Байден АҚШ энергетикалық тәуелсіз ел болуы керектінін, сонымен бірге Вашингтон Еуропалық Одақпен Еуропа елдерінің Ресейден мұнай мен газды қайтару перспективаларын талқылап жатқандығын айтты.

«Бұл дағдарыс біздің экономикамызды ұзақ мерзімді перспективада қорғау үшін энергетикалық тәуелсіз болуымыз керек екенін нақты еске салады. Мен соңғы айларда еуропалық достарымызбен ресейлік мұнайдан қалай құтылу керектігі туралы бірнеше рет сөйлестім. Бұның әрі қарай жалғаса беруі мүмкін емес», деді Байден.

Сонымен қатар әлемдік Shell ресейлік мұнай мен газды пайдаланудан бас тартпақ.

Shell компаниясы таратқан хабарламада ресейлік мұнай өнімдерінен, құбыр газынан кезең-кезеңімен бас тартатынын жеткізді.



Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35