![Кен орындарын игере алмағандармен келісімшарт бұзылды – ИИДМ](/media/2022/03/09/crop-5_216_372x661_2022_03_09_crop-2_2_701x671_8896c91b163f4291556d21b9c06184ad_1280x720.jpg)
2022 жылғы 4 наурыздағы жағдай бойынша міндеттемелерді орындау деңгейі төмен 148 келісімшарт анықталып, 31 келісімшартты және 3 лицензияны бұзу бойынша шаралар қабылданды.
Бұзылған келісімшарттар мен лицензиялар бойынша кен орындары аукционға шығарылады. Тиісті ақпарат ҚР ИИДМ интернет ресурсында, сондай-ақ республикалық БАҚ-тарда жарияланады.
Тексеру барысында жаңа өндірістер құру бойынша қосымша міндеттемелер қабылдауға қатысты жүйелі түрде толық қаржыландырылмаған келісімшарттардың құқықтық мирасқорларына-инвесторларға ерекше назар аударылады.
Келісімшарт бойынша міндеттемелерді тиісінше орындаудың мысалы ретінде «KAZSILICON «МК» ЖШС келтіруге болады. Бұл кәсіпорын осы айда жылдық қуаты 6 мың тонна болатын жоғары сапалы техникалық кремний өндіретін зауытты іске қосуды жоспарлап отыр. Инвестициялардың жалпы көлемі 3,9 млрд теңгені құрап, зауытта 200 жұмыс орны ашылады. Өнім әлемнің 20-дан астам еліне экспортқа шығарылып, жоғары сапалы техникалық кремнийдің әлемдік нарығында жетекші орын алуға мүмкіндік береді. Жобаны іске асыру кезінде қазақстандық қамту көлемі 80%-дан асады.
Қатты пайдалы қазбалардың кен орындарын тексеру барысы ҚР Үкіметінің ерекше бақылауында тұр.