Әлем • 09 Наурыз, 2022

Украина мен Ресей өкілдері ертең Анталияда кездеседі

245 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Украина Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба мен Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров бейсенбі күні Түркияда кездесуге келісті, деп хабарлайды  Egemen.kz «Америка дауысы» сайтына сілтеме жасап.

Украина мен Ресей өкілдері ертең Анталияда кездеседі

Бұл Ресейдің Украинаға басып кіруі басталғаннан кейін екі елдің сыртқы істер министрлерінің алғашқы кездесуі болмақ. 

Түркия Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу дүйсенбі күні кездесудің Анталияда өтетінін және өзінің де қатысатынын айтты. 

Ресей Сыртқы істер министрлігі кездесудің жоспарын растады.