Қазақстан • 09 Наурыз, 2022

Қазақстан Украинаға 82 тонна дәрі-дәрмек жөнелтеді

189 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкімет жанындағы Халықаралық гуманитарлық көмек көрсету жөніндегі комиссия Украинаға жалпы құны 2 251 445 АҚШ долларын құрайтын 25 дәрі-дәрмек түрінен тұратын жүк жөнелту туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан Украинаға 82 тонна дәрі-дәрмек жөнелтеді

ҚР СІМ гуманитарлық қызмет Қазақстанның сыртқы саяси стратегиясының маңызды бағыты болып табылатынын айтты.

«Біздің еліміз әр түрлі жағдайларға байланысты халқы қиын гуманитарлық жағдайға тап болған елдерге мүмкіндігінше қолдау көрсетуге тырысады», делінген ҚР СІМ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Қазақстан дәстүрлі түрде басқа мемлекет тарапынан ресми үндеуге жауап ретінде гуманитарлық көмек көрсетеді. Украина тарапынан осындай өтініш түскен соң Президент Қасым-Жомарт Тоқаев украин халқына шұғыл гуманитарлық көмек көрсету жөнінде нақты тапсырма берді.

«Гуманитарлық көмектің салмағы 82 тоннаны құрайды. Қазіргі уақытта бұл жүкті межелі жерге жеткізу мәселесі пысықталуда. Айта кетсек, Украина аумағына жүктерді жеткізу өте қиын процесс. Осыған байланысты Қазақстан Үкіметі Украинаға халықаралық гуманитарлық көмек алу және бөлу үшін хабтар орналастырылған көрші мемлекеттермен уағдаласады», деп қосты ҚР СІМ баспасөз қызметі.