Хоккей • 09 Наурыз, 2022

«Барыс» Гагарин Кубогындағы жарысын аяқтады

172 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық «Барыс» хоккей клубы Гагарин Кубогының плей-офф кезеңінің бірінші раундында Магнитогорск «Металлургіне» қарсы сериядағы бесінші матчтан ұтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Барыс» Гагарин Кубогындағы жарысын аяқтады

Ресейлік клуб жарысты өз алаңда 3:1 есебімен ұтты.

Бірінші кезеңнің соңындаі Семен Кошелев «Барыстың» қақпасына шайба соқтырды.

Ойынның екінші бөлігі нөлдік тең есеппен аяқталды.

Үшінші кезеңнің 47-ші секундында «Барыс» ойыншысы Кирилл Савицкий есепті теңестірді. Алайда, «Металлургтің» ойыншысы Анатолий Никонцев командасын алға жетеледі. 

Матчтың 51-минутында Денис Зернов 3:1 есебімен ойынның қорытынды нүктесін қойды.