Спорт • 10 Наурыз, 2022

Жаңа бас бапкер тағайындалды

292 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан Қазақстан ұлттық құра­масының бас бапкері Талғат Бай­суфиновтің өкілеттілігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Оның орнына бас бапкердің міндетін ат­қа­рушы болып Андрей Карпович тағайын­далды.

Жаңа бас бапкер тағайындалды

Семей футбол мектебі түлегінің есімі қазақстандық жанкүйерлерге жақсы таныс. Ол ұлттық құрамада ең көп матч (55) өткізген ойыншылардың бестігіне кіреді. Бірнеше рет ұлттық құраманы капитан ретінде алаңға бастап шыққан болатын. 41 жастағы жерлесіміз өзінің клубтық мансабында «Елім-ай», «Ертіс», «Қайрат», «Ло­комотив», «Ордабасы», «Шахтер», «Аты­рау», «Алтай», сондай-ақ ресейлік «Ростсельмаш» және мәскеулік «Динамо» коман­даларында ойнады.

Карпович бапкерлік мансабын «Қай­рат» клубының жүйесінде бастап, одан кейін екі жыл Көкшетаудың «Оқжетпесін» жат­тықтырды. Ал 2021 жылдың басынан бас­тап Петропавлдың «Қызылжарын» жат­тықтырып келеді. Ел чемпионатының был­тырғы маусымында «Қызылжар» тур­нир кестесінде 4-орынға табан тіреп, Еуро­кубок жолдамасын жеңіп алған еді.

Ұлттық құраманың жаңа бас бапкері үшін алғашқы сынақ 24 наурызда Молдова құрамасына қарсы ойында болады.