Теннис • 10 Наурыз, 2022

Ақтық сында жеңіліс тапты

174 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордадағы «Дәулет» теннис орта­лығында ұйымдастырылған ITF World Tennis Tour M25 турнирі мәреге жетті.

Ақтық сында жеңіліс тапты

Жүлде қоры 25 мың АҚШ долларына бағаланған жарыстың финалында 21 жастағы қазақстандық теннисші Бейбіт Жу­каев ресейлік Алибек Качмазовпен бас жүл­дені сарапқа салды. Бейбіт үш сағатқа созылған матчта 3:6, 7:6 (7:5), 6:7 (4:7) есебі­мен қарсыласына есе жіберді. Бәсеке бары­сында Жукаев 23 эйс жасағанымен, 4 брейк-пойнтты пайдалана алмады.

 Осы жарыстың финалына дейін жеткен Ақтау теннис мектебінің түлегі дүниежүзілік рейтингте 597-орынға көтерілді.