Айдарбек Сапаров көктемгі егіс жұмыстарын табысты жүргізудің негізгі мәселесі – фермерлерді несие қаражатымен қамтамасыз ету екенін жеткізді.
«Қазіргі уақытта АШМ тарапынан көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қаржыландыру көлемін қосымша 70 млрд теңгеге ұлғайту және бюджеттік кредиттеудің жалпы сомасын 140 млрд теңгеге дейін жеткізу мәселесі пысықталуда. Бұл ретте, 70 млрд теңге көлемінде қосымша қаражат бөлінген кезде АШТӨ-ні қолжетімді кредиттеумен қамту ұлғайтылады, бұл шамамен 1 300 шаруашылықты қосымша қаржыландыруға мүмкіндік береді», деп түсіндірді Айдарбек Сапаров.
Ол осы жылы «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ желісі бойынша көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын несиелендіруге 70 млрд теңге көлемінде бюджеттік несие бөлінгенін еске салды.
Бүгінгі күні «Кең дала» бағдарламасы аясында ресми түрде 77,6 млрд теңге сомасына 2673 АШТӨ өтінім келіп түсті, оның ішінде:
- 24,1 млрд. теңге сомасына АШТӨ-нің 720 өтінімі қаржыландырылды;
- 40,4 млрд. теңге сомасына АШТӨ-нің 1748 өтінімі мақұлданды;
- 13,1 млрд.теңге сомасына 205 АШТӨ өтінімі қарастырылуда.