Оқиға • 10 Наурыз, 2022

Шымбұлақта қар көшкінінен бір адам қаза тапты

485 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматының Шымбұлақ туристік аумағынан жоғары тұста қар көшкіні жүріп, бір адам мерт болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шымбұлақта қар көшкінінен бір адам қаза тапты

«Шымбұлақ» тау шаңғы курортының мәліметінше, 10 наурыз күні тауда шаңғы теуіп жүрген демалушы қар көшкіні түсіретін құралмен соқтығысып, көшкін астында қалды.

«Таңғы сағат 10:58-де курорттың құтқарушыларына Комби-2 тірегінің 8-ден жоғары аймағында қар көшкіні болғаны туралы ақпарат түсті. Оқиға орнына сағат 11:02-де жеткен құтқарушылар ер адамның денесін тапты. Белгілі болғандай, ол рұқсат етілген аймақтан шығып кеткен. Сағат 11:25-те медициналық пунктке жеткізілді, мамандар оның қайтыс болғанын анықтады», деп хабарлады «Шымбұлақ» тау шаңғы курортының баспасөз қызметі.

Курорт әкімшілігі ер адамның туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтты. Қазіргі уақытта аспалы жолдың (Комби-2) жұмысы тоқтатылды. Түскен қар массасының көлемі анықталып жатыр.

Оқиға орнына Алматы қалалық ТЖД-ның 1 маманы мен 1 техникасы, республикалық жедел-құтқару жасағының бір техникасы мен 8 қызметкері жұмылдырылды.