Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Сығанақ көшесі, 60/5 үйінің бойында өрт шыққаны туралы хабарлама сағат 14.57-де түскен.
«Шақыртудың жоғары нөмірі бойынша Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері жедел жолданған, 4 минутта жеткен өрт сөндіру бөлімшелері ғимараттың 1 қабатында желдеткіш камерасының жануы орын алғанын анықтаған. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Өрт сөндірушілер жеткенге дейін қызметкерлер мен келушілер өз бетінше эвакуацияланған», делінген хабарламада.
Өрт орнында 16 бірлік техника мен жеке құрамның 61 адамы жұмыс істеп жатыр. Өрт 15:24 минутта жойылды.