01 Сәуір, 2014

Төрт ратификацияны қарау жоспарланды

289 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен өткен Парламент Сенаты бюросының отырысы болды, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі. Бюро мүшелері палатаның 3 сәуірде болатын алдағы оты­рысының күн тәртібін қарады. Отырыста 1994 жылғы 28 нау­рыздағы Қазақстан мен Ресей арасындағы өнеркәсіптік ава­риялардың, апаттардың, дүлей зілзалалардың алдын алу және олардың зардаптарын жою са­ласындағы ынтымақтастық туралы келісімге авариялық-құтқару қызметтері мен құрылымдарының мемлекеттік шекараны кесіп өтуінің оңайлатылған тәртібі туралы үкіметаралық хаттаманы; Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы Төтенше жағдайлар және дүлей зілзалалардың қауіп-қатерін азайту жөніндегі орталықты құру туралы үкі­мет­аралық келісімді; 2008 жылғы 12 желтоқсандағы Тарифтік квоталарды қолданудың шарттары мен тетігі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы; 1928 жылғы 22 қарашадағы Халықаралық көрмелер туралы конвенцияны, оған 1948 жылғы 10 мамырдағы, 1966 жылғы 16 қарашадағы, 1972 жылғы 30 қарашадағы хаттамаларды және оған 1982 жылғы 24 маусымдағы және 1988 жылғы 31 мамырдағы Түзетулерді ратификациялау туралы заң жобаларын қарау көзделіп отыр. Салалық комитеттердің төрағалары осы заң жобаларын палата отырысында қарауға әзірлік барысы туралы хабардар етті.