Қазақстан • 11 Наурыз, 2022

Кен орындары уақтылы игерілмеген

499 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәй­кес, Индустрия және инфра­құ­рылымдық даму ми­нис­трлігі қатты пайдалы қаз­балардың бар­лық кен орындарына (уранды қоспағанда) тек­серу жүргізіп жатыр. Қабыл­да­нып жатқан шаралар инвестицияны арттыруға бағытталған.

Кен орындары уақтылы игерілмеген

2022 жылғы 4 наурыз­да­ғы жағдай бойынша, мін­дет­те­ме­лер­ді орындау деңгейі төмен 148 келі­сім­шарт анық­та­лып, 31 келі­сім­­шартты және 3 лицензияны бұзу бойынша шаралар қабыл­дан­ды.

Бұзылған ке­лісім­шарт­­тар мен лицен­­­зия­лар бойынша кен орындары аук­ционға шыға­ры­лады. Тиісті ақпа­рат ИИДМ интернет ресурсында, сондай-ақ рес­пуб­ли­ка­лық БАҚ-тарда жарияланады.

Тексеру барысында жа­ңа өн­ді­рістер құру бо­йынша қо­сым­ша міндеттемелер қа­был­дау­ға қатысты жүйе­лі түрде то­лық қаржы­лан­ды­­рылмаған келісім­шарт­­тардың құ­қық­тық мирас­қор­ларына – инвес­тор­лар­ға ерекше назар аударылады.

Келісімшарт бойынша мін­дет­темелерді тиісінше орын­дау­дың мысалы ре­тінде «KAZSILICON» МК» ЖШС кел­ті­руге болады. Бұл кәсіпорын осы айда жылдық қуаты 6 мың тонна болатын жоғары сапалы техникалық кремний өндіретін зауытты іске қо­суды жоспарлап отыр. Ин­вестициялардың жалпы көлемі 3,9 млрд теңгені құрап, зауытта 200 жұмыс орны ашылады. Өнім әлемнің 20-дан астам еліне экспортқа шығарылып, жоғары сапалы техникалық кремнийдің әлемдік нары­ғында жетекші орын алуға мүм­кіндік береді. Жо­баны іске асыру кезінде қа­зақ­­стандық қамту көлемі 80%-дан асады.

Қа­тты пайдалы қаз­ба­лар­дың кен орындарын тексеру барысы ел Үкі­метінің ерекше бақы­лауында тұр.