Бұдан бұрын газетімізде хабарлағанымыздай, әлемдік дағдарысқа қарсы дүниежүзілік жоспар әзірлеу мақсатында БҰҰ қолдауымен 2014 жылғы 20-23 мамыр аралығында VІІ Астана экономикалық форумы шеңберінде ІІ Дағдарысқа қарсы дүниежүзілік конференция өткізіледі.
Жақында G-Global ақпараттық-коммуникативтік алаңында «БҰҰ мүше мемлекеттеріне арналған Әлемдік қаржылық-экономикалық дағдарыстың ұзақ мерзімді салдарының алдын алу жоспарының жобасы» атты тақырыпта онлайн-конференция өткізіліп, модератор ретінде Бреттон-Вудсты жаңарту жөніндегі комитеттің атқарушы директоры Марк Узан қатысты. Онлайн-конференция барысында БҰҰ мүше мемлекеттеріне арналған Әлемдік қаржылық-экономикалық дағдарыстың ұзақ мерзімді салдарының алдын алу жоспарының жобасын талқылауға халықаралық және қазақстандық сарапшылар қатысты.
Демократиялық ұстанымдарға негізделген жоспар қаржылық-экономикалық дағдарыстан шығудың тиімді жолдарын табуға, сонымен қатар, болашақ экономикалық құлдыраулардың алдын алуға, ұзақ мерзімді теңгерімделген экономикалық өсуді қамтамасыз етуге бағытталған. Бүгінгі күні G-Global ақпараттық-коммуникативтік алаңы БҰҰ-ның Әлемдік дағдарысқа қарсы жоспарының жобасы үшін дағдарысқа қарсы ұсыныстарды өңдейтін нақты құралға айналды, 2013 жылдың 1 шілдесінен бастап жоспар белсенді түрде талқылануда. Осы уақыт аралығында G-Global порталын пайдаланушылар, олардың ішінде, халықаралық ұйымдар мен қаржы институттарының сарапшылары, ҮЕҰ, іскер және ғылыми орталықтардың өкілдері, саяси және қоғам қайраткерлері 13 000-нан астам баяндама мен зерттеу жұмыстарын, 45 000 сараптамалық шолу мен түсініктемелер, сондай-ақ, жоспар жобасын тиімді қалыптастыру үшін 300 бейне-конференция өткізді. 2014 жылдың 19 наурызы күні өткізілген онлайн-конференцияда жоспар жобасын талқылаудың маңызды іс-шараларының бірі болып табылды.
Әлемдік сарапшылар қоғамдастығының белсенді көмек көрсетуінің арқасында 2014 жылдың 19 наурызы күні жоспардың алғашқы жобасының және әлемдік сарапшылар қоғамдастығының пікір сайысының негізінде ақпараттық-коммуникативтік тұғырнамада жоспардың шоғырландырылған жобасы әзірленді. Бұл жетекші сарапшылардың тиімді және жаһандық үйлестірілген саясат пен әлемдік қаржы-экономикалық архитектураны реформалауға бағытталған үйлесімді, біріккен жұмыстарының нәтижесі болды.
G-Global ақпараттық-коммуникативтік алаңында онлайн режімде жоспардың жобасын әзірлеудің белсенді үдерісі жүріп жатыр. Оған күн сайын халықаралық ұйымдардың, ғылыми-зерттеу орталықтары мен институттардың өкілдері, сонымен қатар, БҰҰ мүше мемлекеттерінің өкілдері, беделді саясаткерлер, сарапшылар және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысады. Жобаны қалыптастыруға қомақты үлес қосқандардың бірі – Бреттон-Вудсты жаңғырту комитетінің жетекшісі Марк Узан болып табылады.
БҰҰ мүше мемлекеттеріне арналған жоспардың жобасын Астана қаласында 2014 жылдың 21-23 мамыр аралығында БҰҰ Бас Ассамблеясының қолдауымен өткізілетін ІІ Дағдарысқа қарсы дүниежүзілік конференция қорытындысы бойынша қабылдау жоспарлануда.
Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан».

Балаларына вакцина салғызудан бас тартатындар көбейді: Себебі неде?
Қоғам • Бүгін, 16:55
Елімізде дәрі-дәрмек бағасы қымбаттады және тапшылық байқалуда: Себебі неде?
Қоғам • Бүгін, 16:52
Аймақтар • Бүгін, 16:42
Қостанайда ауылшаруашылық техникаларының көрмесі өтті
Аймақтар • Бүгін, 16:30
Astana Team командасы Канададағы халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды
Хоккей • Бүгін, 16:25
Нашар тұрмыс теңсіздіктен туындайды
Экономика • Бүгін, 16:11
«Атырау» футбол клубы қанша теңгеге сатылуы мүмкін?
Спорт • Бүгін, 16:10
Михаил Шайдоров жалақысы туралы мәлімдеген Спорт министрлігіне ренішін білдірді
Спорт • Бүгін, 16:01
AERC: Жаңа үйлердің бағасы қымбаттауы мүмкін
Қоғам • Бүгін, 15:47
2025 жылы 83 ауыл жойылды: Елді мекендердің ертеңгі тағдыры қандай?
Ауыл • Бүгін, 15:30
Спортшылар мен өнер майталмандары Ата заң жобасын қолдауға шақырды
Ата заң • Бүгін, 15:23
LRT-ға кассирлер керек: CTS компаниясы үміткерлерге қандай талап қойып отыр?
Қоғам • Бүгін, 15:18
Президент Air Astana компаниясының бас атқарушы директорын қабылдады
Президент • Бүгін, 15:08
Мемлекет басшысы Astana Team балалар хоккей командасын жеңіске жетуімен құттықтады
Президент • Бүгін, 15:05