Сырт айдында өткен алғашқы екі ойында командалар бір-бір жеңіске қол жеткізді. Бірінші ойында «Барыс» 3:2 есебімен басым түссе, кейінгі матчта айдын иелері үстемдік танытты – 6:2. Ал «Барыс Аренада» өткен екі ойында да «Металлург» хоккейшілерінің мерейі үстем болды. Алғашқы кездесу – 5:3, екінші матч 5:2 есебімен аяқталды.
Ал Магнитогорскідегі шешуші, бесінші мачта мұзайдын иелері «Барыс» ойыншыларын 3:1 есебімен қапы қалдырды. Кездесудің есебін бірінші болып ресейлік команда ашты. Ойынның 16-минутында Семён Кошелев мергендігімен көзге түсті. Екінші кезеңде хоккейшілер бір-бірінің қақпасына гол соға алмады. Ал 40-минутта Кирилл Савицкий таразы басын теңестіріп, қазақстандық жанкүйерлерге үміт сыйлаған еді. Алайда айналдырған төрт минуттың ішінде «Металлург» хоккейшілері Никита Бояркин қорғаған қақпаға тағы екі гол соғып, «Барысты» жарыс жолынан ығыстырды. Бес ойында 4:1 есебімен жеңіске жеткен «Металлург» 1/4 финалға жолдама алды.