Футбол • 11 Наурыз, 2022

Алғашқы төрттік анықталды

241 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сейсенбі және сәрсенбіде футболдан Еуропа Чемпиондар лигасының 1/8 финал ойындарының қарымта кез­десулері өтіп, ширек финалға шық­қан алғашқы төрт команда белгілі болды.

Алғашқы төрттік анықталды

Париждегі бірінші ойында 1:0 есебімен жеңілген «Реал» Мадридтегі қарымта кездесуде камбэк жасап (3:1), турнирдің ширек финалына шықты. Бірінші таймда Мбаппе мергендік танытса, екінші таймда Бензема 17 минуттың ішінде хет-трик жасады. Ал Португалияда «Спортингті» 5:0 есебімен тізе бүктірген «Манчестер Сити» Англияда тең ойнап (0:0), келесі кезеңге өтті.

Бір күн бұрынғы ойында «Ливерпуль» өз алаңында «Интерден» жеңіліп қалса да (0:1), сырт алаңдағы жеңісінің (2:0) арқасында ширек финалға жолдама алды. Бірінші матчта «Зальцбургпен» Аустрияда тең түскен «Бавария» Мюнхенде қарсылас команданың қақпасына жеті гол соқты – 7:1. Левандовски хет-триктің, Мюллер дубльдің авторы атанса, Серж Гнабри мен Лерой Сане бір мәртеден көзге түсті.