Дүниежүзілік рейтингте 154-орында тұрған Михаил іріктеу сайыстарының финалында әлемнің 93-ракеткасы жапониялық Есихито Нисиокамен шеберлік байқасты. Қазақстандық теннисші қарсыласынан екі сетте 6:2, 7:6 (7:4) есебімен басым түсті. Екі сағаттан аса уақытқа созылған бәсекеде жерлесіміз 1 эйс жасап, 18 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Негізгі турнирдің бірінші айналымында ол америкалық Томми Полмен кездеседі.
Жүлде қоры 8,5 млн доллардан асатын ірі жарыста Қазақстанның бірінші, әлемнің 33-ракеткасы Александр Бублик те өнер көрсетеді. Ол бірінші айналымда британиялық Энди Маррей мен жапониялық Таро Даниель арасындағы ойынның жеңімпазымен ойнайды.