Сондай-ақ елімізде жасөспірімдерді, жүкті әйелдерді және бала емізетін аналарды «Pfizer» вакцинасымен егу жалғасуда.
10 наурыздағы дерекке сәйкес, аталған вакцинаның І дозасын 889 821 адам, ІІ дозасын 677 501 адам салдырды. Оның ішінде:
І компонентімен - жасөспірімдер – 736 992, - жүкті әйелдер – 33 685, - бала емізетін әйелдер – 116 156.
ІІ компонентімен - жасөспірімдер – 566 454, - жүкті әйелдер – 25 259, - бала емізетін әйелдер – 85 720.