Қоғам • 11 Наурыз, 2022

Ескертуді ескермеу бейнетке бастайды

302 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткен мереке күндері жолға шыққан жолаушының 85-і қар құрсауында қалып, қауіп-қатерге тап болды. Оның 19-ы – бала.

Ескертуді ескермеу бейнетке бастайды

Коллажды жасаған Амангелді Қияс, «EQ»

Наурыздың ақ түтек бораны әлі де буырқанып тұр. Тіпті қақаған қаңтар-ақпанда да дәл мұндай боран бола қойған жоқ. Әуелі сәл ғана сырғыма болып басталған боран аз уақыттың ішінде ат құлағын көрсетпейтін алапат күйге енді. Төтенше жағдайлар қызметіне өкпе жоқ, жетісінен сегізіне қараған түнде боран болатындығын айтып, әлеуметтік желі арқылы ескертудей-ақ ескертті. Әйтсе де бейқамдықтың бел алып кететіні бар.

Қырық-елу автокөлік бір-біріне соғылып, жол үс­тін­де ошарылып қалды. Бейне­баяндағы көрініске қара­саңыз, иманың қасым болады. Бір адам опат болып, бірнеше адам жараланды. 8 наурыз күні Көкшетау – Нұр-Сұлтан бағытындағы күре жолдың бо­йын­да 85 жолаушы жол үстінде қалды. Әйтеуір, құтқарушылар дер кезінде жетіп, ажал аузына­н алып қалды. Бурабай мен Ар­шалы аудандарының тұ­сын­да күндіз-түні кезекшілік ұйым­дастырылды.

Өзін де, өзгені де әуре-сар­саңға салатын осындай жа­уап­сыздықтан қашан арылар екенбіз?!

 

Ақмола облысы