01 Сәуір, 2014

Төлем жасау жеңілдейді

408 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысының сот төрелігіне қолжетімділікті қам­та­масыз ету жөнінде Судья­лар­дың VІ съезінде берген тапсыр­ма­сын орындауға бағытталған шаралардың бірі ретінде кеше Жоғарғы Сот жанындағы соттар­дың қызметін қамтамасыз ету департаменті мен «Қазақстан Халық Банкі» АҚ арасында ын­ты­мақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бұл азаматтардың мем­лекеттік алымдар мен әкім­шілік айыппұлдарды төлеу амалдарын жеңілдетіп, уақытты барынша үнемдеуге мүмкіндік береді және сот актілерін орындау сапасын жақсартады деген сенім бар. Меморандум «Өзіне-өзі қыз­мет көрсету желісі арқылы төлем­дер» жобасын іске асыруға бағытталған. Жоба шеңберінде 2014 - 2018 жылдары әкімшілік айып­пұлдарды, мемлекеттік алым­дар мен өзге де төлемдерді төлем терминалдары арқылы қабыл­дау жүйесі іске қосылатын болады. Банктің нақтыланған комиссиялық сомасы 50 теңгені құрайды (екінші деңгейлі өзге банктерде бұл сома 200 теңгені құрауы мүмкін). «Өзіне-өзі қызмет көрсету желісі арқылы төлемдер» жобасын барлық жергілікті соттар мен республика қалаларында іске асыру жоспарланып отыр. Қазіргі таңда төлем терминалдары Астана қаласындағы үш сотта: мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотта, Алматы және Сарыарқа аудандарының соттарында орнатылған. «Егемен-ақпарат».