01 Сәуір, 2014

Жүз жылдығын ойлаған – адам тәрбиелейді

453 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін
DSC_0142Елбасының әр жылғы ха­лық­қа арналған сөзі ұға білген кісіні терең ойға бастайды. Біраз уақыттан бері білім беру сала­сындағы істерге араласып жүр­ген адам ретінде Тұңғыш Пре­зи­дентіміздің әлемдегі даму сарынын қырағылықпен бағам­дап, кезек күттірмес міндет­терді нақпа-нақ айқындап, өсіп-өркендеу бағытымызды жаң­ғыртып, мақсатымызды биік­тетіп, қайратымызды қайратқан Жолдаулары әрдайым өзгеше екенін байқаймын. Ненің де болса бағасы салыстыра қара­ған­да көрінеді ғой. Күні кеше ғана тәуелсіздігімізді қалып­тастыру, экономикамызды түзеу, болашағымызға жол салу көзделсе, бұл күндегі ой-арман одан сайын асқақ. Елбасымыз бүгін дамыған 30 елдің қатарына кіру жоспарын ұсынып, қазақстандықтардың жасампаздық істерді тереңдету ұмтылысына жаңа ұшқын түсірді. Бұл идея бәрімізді ортақ тілекке, бір мүддеге ұйыстырушы, сан ұлт басын біріктіруші, жү­ре­гін қосушы қасиетті мұрат тұр­ғысында ақиқатқа айналуына өміріміздегі қазіргі келісті кө­рі­ністердің өзі куә. Жолдауда атап көрсетілгендей, білікті мамандар даярлайтын оқу орындарына талап күшейе түспек. Біздің университет осы міндет биігінен көріне білуді бас­ты мақсат санайды. Президент Н.Ә.Назарбаев белгілеп берген «Қазақстан – 2050» Стратегиясына сәйкес өскелең ұрпақты заман талабына сай білім алуға, еңбек етуге, түрлі жаңашылдықтарды жете қабылдап, екшей білуге және соның барлығын өз Отаны игілігі үшін жұмсауына мүмкіндік туғызуға сан алуан іс-ізденістер жүргізіліп келеді. Қысқаша тоқтала кеткенде, Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарда білімді дамыту мемлекеттік бағдарламасына сәйкес университет білім берудің халықаралық стандарттарына кезеңдік көшуді, инновациялық технологиялар мен СМЖ қағидаларын ұстана отырып, жоғары кәсіптік және жоғары оқу орнынан кейінгі білім сапасын жоғарылатуды, қоғамдық экономикалық байланысты және ұжымдық рухты нығайтуды жүзеге асыруда. 2004 жылдан бастап, кредиттік оқу технологиясы енгізіліп, 2007 жылы күндізгі бөлімнің бар­лық мамандықтары, 2008 жыл­дан бастап сырттай бөлім маман­дықтары толықтай осы жүйеге ауысты. Университет Еуропа Кеңесінің конвенциясын орындауындағы Академиялық мойындау және мобильділік бойынша ұлттық ақпараттық орталықтар желісінің (ЮНЕСКО) халықаралық кадр­лар академиясының құрамына енді. Жоғары дәрежелі мамандар дайындағаны үшін, сондай-ақ халықаралық қатынасты нығайтқаны үшін Халықаралық кадрлар академиясының «Білім мен ғылымның дамуына қосқан үлесі үшін» орденімен марапатталды. Оқу орны Қазақстан педа­го­гикалық ғылымдар акаде­мия­сының, Ресей заң ғылымдарының академиясының мүшесі болып табылады. Университет Қазақ­станның Болон үдерісіне қосылу бағдарламасының аясында Қазақстан Республикасы Университеттерінің меморандумына (Тараз декларациясы) қол қойған 15 жоғары оқу орын­дарының қатарына енді. Бака­лаврлармен қатар «Заң тану», «Экономика», «Ақпараттық жүйелер», «Қазақ тілі мен әде­биеті» магистранттары даярланады. Сондай-ақ, оқу орнымыз жа­нынан құрылған Орталық Қазақстан гуманитарлық, Құ­қық­тық, Салыстырмалы және тарихи-ағарту ғылыми-зерт­теу институттары, «Мирас» орта­лығы қызметі біраз жерге танымал. 1 миллионнан аса қоры бар кітапхана әдебиеттер мен оқулықтарға бай. Ал «Болашақ-Баспа» редакциялық баспа бөлімі оқу үдерісіне қажетті монография, оқу құралдарын және оқу-әдістемелік кешендерін басып шығарады. Қасым Аманжолов атындағы «gasym.kz» әдеби порталы, «Тіл және рух», «Лимонад», «Эврика» мәдени және ғылыми-танымдық журналдары студент­теріміздің шығармашылық талаптарын ұштауға жол ашып жүр. Жасыратыны жоқ, білім беру саласындағы реформалардың бәрі бірдей нәтижелі болмаса да біраз оң өзгерістерді жоққа шығаруға болмайды. Жаһандану заманында ешқандай ел томаға-тұйық күйінде, өзара тәжірибе алмаспай, бір-бірінен үйренбей өмір сүруі мүмкін емес. Сондықтан да әлемдік үдерістен шет қалмау үшін озық технологияны енгізу, басқа да жаңаруларды игеру мақсатында реформалар жүргізу уақыт талабы. Бәсекеге қабілетті білікті ма­мандар әзірлеу үшін шетел оқу орындарында «Болашақ» бағдарламасы бойынша жас­тарды оқыту еліміз дамуына үлкен әсерін тигізді. Қазір дүние жүзіндегі қандай да білім ордасымен иық теңестіре алатын Назарбаев Университеті сынды іргелі оқу орнымыз алысқа танымал болып отыр. Барлық өңірлерде Назарбаев зияткерлік мектептері ашылуда. Міне, осылар білім беру ісін халықаралық стандарттар деңгейіне көтеруге үлгі танытып отырса, университетіміздің де осындай биікке ұмтылуға мүмкіндігі бар. Күндізгі және сырттай бөлімдерде оқитын 5 мыңға тарта студенттер мен магистранттардың сапалы білім алуына барлық жағдай жасалған десек, артық айтқандығымыз емес. Аймақтағы іргелі оқу орны болып қалыптасуына 16 жыл ректор болған заң ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі Нұрлан Дулатбековтің сіңірген еңбегі ерекше екені көпке белгілі. Бұған университетіміздің елі­міз­дің ЖОО-лары арасындағы жоға­ры рейтингі айғақ және АҚШ-тың Айова штатындағы Лек­синг­тон мен Түркиядағы Ата­тү­рік университеттерімен ынты­мақ­тастық байланыс соны көрсетеді. Елбасы Жолдауында «Үл­герімі жақсы студенттер мен оқушыларды қолдаудың тиімді жүйесін жасау қажет» деп атап көрсетілгендей, үздік оқитын, көп балалы отбасылардан шыққан, қоғамдық өмірде, мәдени және спорттық шараларда көзге түсуші студенттерге барынша көмек көрсетілуде. Гүлім Әбілғазина сияқты шәкіртіміз Қазақстан Рес­публикасының Тұңғыш Пре­зиденті – Елбасының қоры шәкірт­ақысының иегерлігін мақтан тұтады. Тұрмысы төмен отба­сылар, жетім, жалғызілікті жет­кін­шектердің 60-қа жуығы уни­вер­ситет ректорының грантымен оқиды. Сонымен бірге, оқу орнымыз атағын спорттағы жетіс­тіктерімен алысқа танытушы Қазан Универсиадасының самбодан күміс жүлдегері Бейімбет Қанжанов, осы күрес түрінен халықаралық жарыстардың жеңімпазы Айдын Дартаев, ака­демиялық ескек есудің шебері Светлана Германович сынды саңлақ­тарымыздың талаптарын ұш­тауға барынша қолдау көрсе­тіледі. Президент Н.Ә. Назарбаев аталған маңызды құжатта адам­дарға қамқорлық – қоғам ал­дындағы парыз екенін ерекше атады. Осы нұсқауға сәйкес ұжым мүшелерінің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын одан сайын жақсартуды басты мақсат санап отырмыз. Бұл күнде Балқаштағы демалу орнымызды күрделі жөндеуден өткізуді бастадық. Қаланың алыс бөліктерінде тұратын оқытушылар мен сту­денттерді университетке жеткізіп, үйлеріне апарып тастауға 3 автобус бөлінді. Студенттердің интернет желісіне тегін қосылу, университет бөлімдеріне тегін қалааралық қоңырау шалу, индивидуалды түрде оқыту әрбір студентке өзінің қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік бар. Ақылы түрде оқитын студенттер үшін тиімді жеңілдіктер түрлері қарастырылған. Елбасы Жолдауында алға қойылған міндеттерді қалтқысыз орын­даудың басқа да шаралары қолға алынып жатыр. «Жүз жылдығын ойлаған – адам тәрбиелейді» дейді ха­лық даналығы. Отыздыққа ену іргетасын берік ететіндер озық ойлы, жоғары мәдениетті, отан­сүйгіш азаматтар. Біздің ең асыл мақсат-мүддеміз сондай жас­тар тәрбиелеу ісін жақсартып, қа­тарларын молайта беру дегім келеді. Құралбай МЕҢЛІБАЕВ, Қарағанды «Болашақ» университетінің ректоры. ҚАРАҒАНДЫ. cac78b3b5796bebe067f1b6939788ebe_big