Қаржылық мониторингі агенттігінің мәліметінше, ақша қала нысандарының бірінде құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге арналған.
Қылмыстық іс «Электромонтаж» АҚ филиалының директоры Сәрсенбаев пен Орал қаласы ММ құрылыс басқармасы бастығының орынбасары Исмановқа қатысты жүргіліген.
Тергеу барысында Орал қаласындағы «ПДП тұрғын алабын электрмен қамту» нысанында құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге арналған ақшаның ұрланғаны анықталды.
Екі күдіктіге де сот үкім шығарды.
Қалалық құрылыс бөлімі бастығының орынбасары Исманов Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 371-бабының 2-бөлігімен (Абайсызда ауыр зардаптарға әкеп соққан) 2 жыл бас бостандығын шектеу, одан әрі мемлекеттік органдарда басшы лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.
Ведомствоның мәліметінше, келтірілген шығын көлемі толығымен өтелген.