Елорда • 12 Наурыз, 2022

Ауа райына байланысты елорда маңына автобус қатынасы тоқтады

167 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ауа райының нашарлауына байланысты Нұр-Сұлтан қаласының іргесіндегі елді мекендерге қатынайтын № 315 және 316 автобус бағдарлары уақытша тоқтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ауа райына байланысты елорда маңына автобус қатынасы тоқтады

Фото с сайта alrt.kz

City Transportation Systems компаниясынан мәлім еткендей, аталған екі жолаушы автобусының қозғалысы бүгін сағат 11:40-тан бастап тоқтатылды.

«Қала маңына қатынайтын басқа бағдарлар линияда», - деді компаниядан.

Айта кетейік, бұрқасын мен қатты желге байланысты бүгін Нұр-Сұлтан – Теміртау трассасы жабылды. Сондай-ақ Ақмола облысының өңіріндегі боранға байланысты кеше блокпостарда 400-ге жуық көлік кептелісі қалыптасты. 200-ге жуық адам құтқарылды.

Соңғы жаңалықтар