Әлем • 12 Наурыз, 2022

Ресей дәрігерлері Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапатталды

354 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәскеудегі Қазақстан Елшілігінде коронавирус инфекциясымен күресуде қазақстандық әріптестеріне көмектескен ресейлік дәрігерлерге Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары табыс етілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ресей дәрігерлері Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапатталды

Қазақстан Республикасының елшілігінің мәліметі бойынша 2-дәрежелі «Достық» орденімен және «Шапағат» медалімен Мәскеу және Мәскеу облысы ауруханаларының анестезиолог-реаниматологтары, инфекционисттері, пульмонологтары, эпидемиологтары, барлығы 28 адам марапатталды. «2020 жылдың жазында Қазақстанда індеттің шарықтау шегінде олардың дер кезінде көмек көрсетуі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға үлкен үлес қосты», - делінген дипломатиялық өкілдік сайтында. Дәрігерлер алдында сөз сөйлеген Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшісі Ермек Көшербаев олардың ең қажетті әрі маңызды мамандықтың өкілі екенін атап өтті.