Қаржы • 12 Наурыз, 2022

Ұлттық банк шетел валютасын сату-сатып алу бағасының ауытқу шегін белгіледі

464 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Ұлттық банкі ақшаны айырбастау пунктерінде шетел валютасын сатып алу бағасы сату бағасынан ауытқу шегін белгілейтін жоба әзірледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлттық банк шетел валютасын сату-сатып алу бағасының ауытқу шегін белгіледі

Фото: iStock

«ҚР Ұлттық банкі «Айырбастау пунктері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерін белгілеу туралы» «ҚРҰБ Басқармасының 2020 жылғы 14 шілдедегі №86 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» жобаның әзірленіп жатқанын хабарлайды.

Жоба айырбастау пунктері арқылы жүзеге асырылатын операциялар бойынша қолма-қол шетел валютасын сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерін АҚШ доллары үшін – 6 теңгеден 15 теңгеге, еуро үшін – 7 теңгеден 20 теңгеге дейін арттыруды ұсынады, қолданылу мерзімі 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін. Ұсынылып отырған өзгерістер, ең алдымен, валюта нарығындағы алыпсатарлық әрекеттерді азайтуға, сонымен қатар валюта бағамы төңірегіндегі құбылмалылықтың күшеюіне байланысты қаржы нарығына қатысушылардың тәуекелдерін сейілтуге бағытталған», - делінген ҰБ хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35