Қоғам • 12 Наурыз, 2022

Елімізде қант қоры жеткілікті - Cауда министрлігі

470 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елде қант тапшылығы жоқ, деп жазады Egemen.kz Сауда және интеграция министрлігіне сілтеме жасап.

Елімізде қант қоры жеткілікті - Cауда министрлігі

«Сауда желілері мен тұрақтандыру қорларында бұл әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарының қоры кемі үш айға жеткілікті. Сонымен қатар қант өндірісі жалғасып жатыр, тоқтамайды! Қор толтырылып отырады. Яғни «үш айдан кейін қор таусылады, қант тапшылығы болады» - деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Елдегі қант өндірісінен бөлек, өзге елдерден импорттау мүмкіндігі бар. Сондықтан ажиотажға ерік бермеуге шақырамыз», - деді ҚР Сауда және интеграция министрлігінің ресми өкілі Әлішер Өмірзақ.

Еске салсақ, бұған дейін де Қазақстандағы қанттың қоры 3 айға жететіндігі хабарланды. Алайда бірнеше өңірде қант саудасына байланысты ажиотаж байқалды.