Қысқы спорт • 13 Наурыз, 2022

Әлем кубогының финалында конькиден отандасымыз сегізінші келді

156 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық конькиші Надежда Морозова Голландияның Херенвен қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының финалында сегізінші болды, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Әлем кубогының финалында конькиден отандасымыз сегізінші келді

Қазақстандық спортшы 1 500 метр қашықтықты 1 минут 55,26 секундта еңсеріп, сегізінші орынға жайғасты. Морозова көш бастап тұрған спортшыдан 2,60 секунд артта қалды.

Бірінші орында – жапондық Михо Такаги, екінші орында – нидерландтық Антуанетта де Йонг, үзіктер үштігін норвегиялық Рагне Виклунд жапты.

Айта кету керек, тағы бір қазақстандық конькиші Екатерина Айдова аталған қашықтықты 1 минут 58,563 секундта еңсеріп, 13-ші орынға шықты.