Қазақстан тәуелсіздігін енді алған кезде алдымен мән берілетін өзекті мәселелерге басымдық берілгені аян. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақтың кең даласын жайлаған түрлі ұлттар өкілдерінің арасындағы татулық пен бірлікті, түсіністікті нығайтуды өзекті мәселе етіп алды. Бұл тегін емес еді. Жалпы мемлекетті дамыту реформаларын қолға алғанда ең керегі сол қоғамда өмір сүріп отырған ұлттар өкілдерінің тыныштығы, бірлігі, түсіністігі болып табылады. Аталарымыз: «Бір күн ұрыс болған үйдің қырық күн берекесі кетеді» деген емес пе?
Ынтымақ бар жерде мемлекетте көп жақсы істер атқарылатынын, экономиканың, әлеуметтік саланың қалыпты дамитындығын біздің тәуелсіз еліміздің тарихы паш етіп отыр. Қазақстан өзінің тарихында көп ұлт өкілдері мекендеген ел болып қалыптасты. Сондықтан қоғамда түрлі ұлт өкілдерінің сыйластығын, түсіністігін сақтау үшін бір күш қажет болды. Ол – Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы болатын. Әлемдегі оқиғаларға қарап отырып, Елбасының бұл саясатының өміршең әрі өзекті екеніне көз жеткіземіз.
Қазақстан халқы Ассамблеясының өз ерекшелігі бар. Оның төрағасы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі болып табылады. Ұйым мемлекет тарапынан қолдау тауып отыр. Екіншіден, этномәдени бірлестіктер жоғарыдан, биліктің айтуымен емес, төменнен қолдау тауып, әр ұлт өкілдері өздерінің ынта-ықыласымен құрып жатыр. Парламент Мәжілісіндегі 107 депутаттың 9-ы Қазақстан халқы Ассамблеясынан барды. Олар Қазақстандағы барлық ұлттар өкілдерінің мүддесін қорғайды, елдің бірлігін ойлайды.
Қостанай облысының орталығында 18 этномәдени орталықтар жұмыс істейді. Ал облыстың өзге аудандары мен қалаларында тағы да 60 осындай ұйымдар бар. Олардың барлығы да өздерінің тілін, дәстүрін, мәдениетін сақтау үшін жүргізетін шараларды өткізгенде мемлекеттен қаржылай қолдау табады. Біз ғылыми-сараптау тобының мүшелері аудандар мен қалаларға жиі шығып, этномәдени орталықтар жұмысымен танысамыз, тұрғындармен кездесеміз. Жақында А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде де студенттер ассамблеясы құрылды. Онда 7 ұлттың өкілі бас қосады. Олар құрған этномәдени бірлестік қызықты шараларды бастап та кетті. Мақсаты – қазақстандық патриотизмді насихаттау, елдің дамуына үлес қосу.
Қалқаман ЖАҚЫП,
облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы
ғылыми-сараптау кеңесінің мүшесі,
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай
мемлекеттік университетінің профессоры.
ҚОСТАНАЙ.

Онлайн-казинодан түскен табыс тәркіленді: Porsche мен Lexus мемлекет кірісіне өтті
Қоғам • Бүгін, 13:51
Түркістан әуежайына 14,3 млн теңге айыппұл салынды
Аймақтар • Бүгін, 13:45
Жетісуда жас кәсіпкер қол ашытқымен пісірелетін нан өндірісін жолға қойды
Өндіріс • Бүгін, 13:28
Алтынкөл – Қорғас торабының өткізу қабілеті екі есеге жуық артады
Логистика • Бүгін, 13:11
Цифрландыру және жасанды интеллект жылы қандай жобалар жүзеге асады?
Қоғам • Бүгін, 13:05
Мемлекет басшысы Грузияның Ішкі істер министрін қабылдады
Президент • Бүгін, 13:00
Қазақ әскерилері Голан жоталарына аттанады
Қоғам • Бүгін, 12:58
Астанада қар күреуге екі мыңға жуық арнайы техника шығарылды
Елорда • Бүгін, 12:57
Полиэтилен мен алкилат: Жаңа өндірістер Қазақстанның импортқа тәуелділігін азайтады
Энергетика • Бүгін, 12:48
Қостанай облысында 145 робот өндірісте жұмыс істей бастады
Технология • Бүгін, 12:40
Бибігүл Жексенбай: Конституцияны талқылау – қоғамның ортақ жауапкершілігі
Ата заң • Бүгін, 12:34
Әуеде 900 сағаттық тәжірибесі бар қазақ ұшқышы туралы не білеміз?
Қоғам • Бүгін, 12:23
Мысыр визасы қымбаттады: Қазақстан азаматтары үшін жаңа тариф енгізілмек
Қоғам • Бүгін, 12:18
Қара алтын құны соңғы алты айдағы ең жоғарғы межені бағындырды
Әлем • Бүгін, 12:10