Теннис • 14 Наурыз, 2022

Үшінші айналымға шықты

146 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның бірінші, әлемнің 20-ракеткасы Елена Рыбакина Индиан-Уэллсте (АҚШ) өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің үшінші кезеңіне жолдама алды.

Үшінші айналымға шықты

Жарыстың (жүлде қоры – 8,4 млн АҚШ доллары) 17-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші доданы екінші айналымнан бастап, дүниежүзілік рейтингте 58-орында тұрған бельгиялық Элисон Ван Эйтванкпен кездесті. Е.Рыбакина бір жарым сағатқа созылған матчта қарсыласынан 6:1, 7:5 есебімен басым түсті. Қазақстандық теннисші 3 эйс жасап, 8 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Рыбакина үшінші айналымда әлемнің 15-ракеткасы, осы турнирдің өткен жылғы финалисі, Беларусь өкілі Виктория Азаренкомен шеберлік байқасады.

Тағы бір қазақстандық теннисші, әлемнің 47-ракеткасы Юлия Путинцева екінші айналымда тартысты бәсекеде рейтингте 51-орындағы швейцариялық Виктория Голубичтен ұтылып қалды – 3:6, 6:2, 4:6.