Оқиға • 14 Наурыз, 2022

Қаңтар оқиғасы: Уақытша ұстау изоляторында отырған 302 адам босатылды

533 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Уақытша ұстау изоляторы мен арнайы жайлардан 302 азамат босатылды. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қаңтар оқиғасы: Уақытша ұстау изоляторында отырған 302 адам босатылды

«Біздің өтініштерімізді, туыстары мен адвокаттардың өтініштерін ескере отырып, прокурорлық тексеріс нәтижесінде уақытша ұстау изоляторы мен арнайы жайлардан 302 азамат босатылды. 11 азаматты қамауға алудан бас тартылды. Бұрын қамауға алынған 200 азаматқа бұлтартпау шарасы өзгертілді. Ауыр қылмыс жасады деп айыпталған кәмелетке толмаған 29 баланың 28-і ата-аналарының кепілдігімен босатылды. Өкінішке қарай, қолданыстағы «Төтенше жағдай туралы» Заңда ақпараттық және әлеуметтік қызмет жұмысының нақты сценарийі қарастырылмаған», - деді ол қаңтар оқиғаларына қатысты мәселелер көтерілген отырыста.

Оның атап өтуінше, қаңтар айындағы оқиғаларға байланысты азаматтардан ұсталған туыстарының қолға түскен орнын анықтап беру туралы өтініштері де келіп түскен.