«15-16 наурызға қараған түні сағат 00:00-ден 9:00-ге дейін Алматының Жетісу ауданында орналасқан Айнабұлақ-1 және Айнабұлақ-4 шағын аудандарының аумақтарындағы тұрғын үйлер мен әкімшілік ғимараттарға суық су берілмейді», делінген «Алматы су» МКК хабарламасында.
Компания нақтылағандай, суық сумен жабдықтау қызметі бойынша уақытша шектеулер қолданыстағы сумен жабдықтау жүйесіне жаңа су құбырын қосу үшін енгізіледі.