Футбол • 14 Наурыз, 2022

«Тұран» Тони Силваны қатарына қосты

271 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Гвинея-Бисау ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Тони Силва Түркістан облысының «Тұран» командасымен келісім шарт жасасты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Тұран» Тони Силваны қатарына қосты

Бұл туралы түркістандық команданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Уақытында ағылшын премьер-лигасындағы «Ливерпуль» футбол клубымен келісімшарт жасасқан ол кейіннен Болгария, Грекия, Түркия, Румыния секілді өзге де бірқатар елдердің командаларының жейдесін киген болатын. Одан бөлек «Бенфика», «Челси», «Лтверпуль» командаларының жастар құрамасында ойнағаны да мәлім. Футболшы 2020 жылы қазақстандық «Тараз» футбол клубымен келісімшарт жасасса, өткен маусымда Қостанайдың «Тобылы» сапында ел чемпионы атағына қол жеткізген еді.