
Әлбетте, жазғы трансферлік терезе ашылған кезде каталониялық клуб Эрлинг Холандты қатарына қосуды басты мақсат етіп отыр. Әйткенмен «Барселона» басшылары норвегиялық шабуылшыға ұлыбританиялық «Манчестер Сити», испаниялық «Реал» командаларының қызығушылық танытып отырғанын біледі. Сол себепті де қол қусырып қарап отырмай, Мохамед Салахтың командасымен де келіссөздер жүргізуге кірісіп кетті. Тіпті Салахтың агенті «Барселона» президентінің ұсынысына оң қабақпен қараған деген де сыбыс бар.