Тағайындау • 14 Наурыз, 2022

Дәулет Кәрібек Amanat партиясының хатшысы болып тағайындалды

1042 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі Дәулет Кәрібек Amanat партиясының хатшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дәулет Кәрібек Amanat партиясының хатшысы болып тағайындалды

«Партия төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қаулысымен Қайырбек Дәулет Жамаубайұлы Amanat партиясының хатшысы болып тағайындалды», делінген хабарламада.

Дәулет Кәрібек 1990 жылы 12 қыркүйекте дүниеге келген. Ол - Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Саясаттану» мамандығы бойынша PhD докторы.

2009 жылдан бастап Jas Otan жастар қанатында түрлі қызметтер атқарды. 2019 жылы Jas Otan партиясын басқарды және президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық штабының Team Qazaqstan жастар қанатына жетекшілік етті.

Сондай-ақ, «Нұрсұлтан әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасы»ММ басшысы және Nur Otan партиясының елордадағы филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметтерін атқарды. Ал тағайындалғанға дейін Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді. Ол - Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі.