Спорт • 15 Наурыз, 2022

Грекиядан олжалы оралды

464 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көркем гимнастикадан ежелгі Эл­лада елінде ұйымдастырылған «Афро­дита» кубогы өз мәресіне жетті. Ха­лықаралық турнирде бақ сынаған қа­зақстандық гимнасшылар жүлделі орындармен көзге түсті.

Грекиядан олжалы оралды

11-13 наурыз күндері өткен турнирде жасөспірімдер мен ересек спортшылар өнер көрсетті. Жасөспірімдер арасындағы додада отандастарымыздан Эрика Жайлауова таспа жаттығуында қола жүлдегер атанса, Милана Парфилова шығыршық жаттығуында күміске қол жеткізді.

Ал ересектер бәсекесінде 2018 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасының күміс жүлдегері Роза Абитова таспа жаттығуында қола медаль иеленді. Сонымен қатар Баян Қойбағар ұршық жаттығуында күміс, Сабина Бақатова шығыршықпен жаттығуда қола медаль олжалады.

Соңғы жаңалықтар

Еңбек адамы – ел дамуының негізі

Жұмысшы мамандықтар жылы • Бүгін, 08:38

Қайраткерлік қасиет

Руханият • Бүгін, 08:30

Аграрлық саладағы ауқымды істер

Экономика • Бүгін, 08:20

Жер – халықтың қазынасы

Қоғам • Бүгін, 08:17

Дәйекті реформаға сенім зор

Партия • Бүгін, 08:07

Алаш аманатына адалдық

Тұлға • Бүгін, 08:03

Ілбіске қарғыбау тағылды

Талбесік • Бүгін, 08:00