Әлем • 15 Наурыз, 2022

Ядролық қақтығыс орын алуы мүмкін - БҰҰ бас хатшысы

385 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы Антониу Гутерриш ядролық қақтығыстың ықтималдығы туралы ескертті, деп хабарлайды Egemen.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Ядролық қақтығыс орын алуы мүмкін - БҰҰ бас хатшысы

Украинадағы қақтығыс аясында Ресей ядролық күштерінің дайындық деңгейін көтерді. Осыдан кейін БҰҰ басшысы мәлімдеме жасады. Гутерриш мұны «оқиғаның жанды жабырқататын тұсы» деп атады.

«Бір кездері елестету мүмкін болмаған ядролық қақтығыстың орын алуы тағы да ықтимал болды», деді БҰҰ бас хатшысы және Украинадағы соғыс қимылдарын дереу тоқтатуға шақырды.

Гутерриш Ресей әскерінің басып алуынан кейін Украинадағы Запорожье атом электр станциясында тұтанған өрттен кейін ядролық нысандар қауіпсіздігін сақтауға шақырды.

«Украина халқына қарсы жасалған сұмдықты тоқтатып, дипломатия мен бейбітшілік жолына түсетін уақыт келді», деп түйіндеді БҰҰ бас хатшысы.

Ресей мен АҚШ ядролық қарудық ең үлкен арсеналына ие екені айтылды.

Еске салайық, Ресей президенті Владимир Путин ресейлік тежеу күштерін арнайы жауынгерлік кезекшілік режиміне көшіруді бұйырған болатын. Мемлекет басшысының айтуынша, мұндай шешім - НАТО жетекшілерінің агрессив мәлімдемелеріне жауап.